Біздің балабақша қаланың орталығында орналасқан. Күрделі жөндеуден кейін ғимарат кеңейіп, осы заманға сай заманауи бақша болды. Мұнда балаларға қажеттінің бәрі бар. Үлкен ауламыз балалардың таза ауада ойнауы үшін тамаша жабдықталған.
4 топтың әрқайсысында үлкен әрі жарық ойын бөлмесі, жатар бөлме, гардероб, арнайы жабдықталған жуынатын бөлмелері бар. Ыңғайлы бала жиһазы, «ақылды» ойыншықтар, арнайы оқу құралдары, ыдыс-аяқ жуатын машинасы бар асхана – бұның бәрі бала өмірін жайлы етуге бағытталған мүмкіндіктердің шағын бір бөлігі ғана.
Біз екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.
Мероприятие